Қыркүйектің соңы. Коронавирустың келесі толқыны бойынша болжам жарияланды

Pixabay Pixabay
Мұндай болжаммен еліміздің бас санитарлық дәрігері бөлісті.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Интернеттегі брифинг барысында еліміздің эпидемиологтары коронавирус инфекциясының екінші толқынын қай кезеңде болатындығын болжап отырғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол коронавирус инфекциясының өздігінен жоғалып кетпейтінін, оның SARS, тұмау сияқты маусым сайын бой көтеретін инфекциялар қатарына енетінін еске салды.

"Алдын-ала мәліметтер бойынша, COVID-19 SARS және тұмау сияқты маусым сайын бой көрсетуімен сипатталады. Яғни, жұқпалы инфекция қыркүйектің соңы - қазан айының басынан төбе көрсетіп, сәуір айының соңы, мамыр айының басында басылуы мүмкін", - деді Есмағамбетова.

Бүгінгі таңда оның айтуынша, коронавирус - бұл жаңа вирус және күн сайын ол мутацияға ұшырап, оның алдын-алу туралы жаңа мәліметтер пайда болуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз