Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

Жаңа қаулы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2022 21:41 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қиясовтың халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау мәселелері бойынша бұрын қолданыста болған барлық қаулылары №2 МТҚБ-ға біріктірілді.

№ 2 құжаттың қосымшасында келесі мәселелер қамтылған:

  • КВИ-ға қарсы қайтара вакцина (ревакцинация) алуға медицина қызметкерлеріне, КВИ-дің ауыр жүру жоғары қаупі бар 60 және одан жоғары жастағы адамдарға "Комирнати" ("Пфайзер") вакцинасын қолдана отырып рұқсат етіледі;

  • КВИ-ге қарсы вакциналау және ревакциналау тактикасының кейбір мәселелерінің егжей-тегжейін түсіндіру.

Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын нысандар үшін жұмыс және демалыс күндері мынадай жұмыс режимі қолданылады:

  • "қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде - 00:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - 02:00-ге дейін;

  • "сары" аймақта орналасқан өңірлерде - 01:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - 03:00-ге дейін;

  • "жасыл" аймақта орналасқан өңірлерде – 03:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - 05:00-ге дейін.

Демалыс күндері қызметкерлері мен тұтынушылары "жасыл" қауіпсіз мәртебесі болған жағдайда (вакцина алған, сынама алынған сәттен бастап жеті тәуліктен аспайтын мерзімдегі КВИ-ды теріске шығаратын ПТР-тест анықтамасы, КВИ-ға қарсы вакцина алуға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар немесе соңғы үш ай ішінде КВИ-мен ауырған адамдар) нысандардың жұмыс істеуіне жол беріледі.

"12 жастан асқан балалар компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балаларды сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қалааралық туристік тасымал көліктеріне, білім беру объектілеріне – өз еркімен Ashyq қосымшасына, оның ішінде басқа да платформаларға тіркелу, QR-кодты сканерлеу арқылы ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен кіргізіледі", – делінген қаулыда.

Ashyq қосымшасын міндетті түрде енгізуі тиіс нысандар тізімі жаңартылды:

  • фитнес-клубтар, соның ішінде йога орталықтары;

  • спа орталықтары;

  • моншалар, сауналар, бассейндер;

  • компьютерлік клубтар, соның ішінде PlayStation клубтары;

  • боулинг клубтары;

  • кинотеатрлар;

  • театрлар мен филармониялар;

  • қоғамдық тамақтану орындары, жазғы алаңдар, банкет залдары, стрит-фудтардан басқасы;

  • асхана типті қоғамдық тамақтану орындары;

  • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

  • облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;

  • бильярд клубтары;

  • концерт залдары;

  • ерікті қатысушылар;

  • караоке;

  • көрмелер;

  • океанариум;

  • марафондар;

  • көрермендері бар спорттық іс-шаралар;

  • әуежайлар;

  • лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де орындары;

  • балалар ойын-сауық орталықтары (жабық);

  • цирктер;

  • қонақ үйлер, отельдер;

  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары;

  • теміржол вокзалдары және автовокзалдар;

  • базарлар (жабық), сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері (азық-түлік емес);

  • сауда алаңы 6 мың шаршы метрден асатын сауда желілері (азық-түлік);

  • балаларды сауықтыру орталықтары (қызметкерлер үшін);

  • букмекерлік кеңселер;

  • сұлулық орталықтары, салондар, шаштараздар, маникюр мен педикюр орындары, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін салондар;

  • барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағынышты білім беру ұйымдары (педагогтар, жұмысшылар, ата-аналар (заңды өкілдер), 18 және одан жоғары жастағы білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен 12 жастан асқан балалардың QR-кодын сканерлеп, ерікті тіркелу арқылы));

  • спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;

  • жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персоналдар, ата-аналар (заңды өкілдер), келушілер, білім алушылар үшін);

  • діни объектілер;

  • ойын клубтары (казино);

  • "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы;

  • түнгі клубтар;

  • банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: