Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы тергеу изоляторында Қордайдағы оқиғаға байланысты ұсталған күдікті көз жұмды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2020 18:19 Pixabay
Сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды.

Алматыдағы тергеу изоляторында қамауда болған Қордайдағы жаппайы тәртіпсіздіктерге қатысы бар күдікті көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

29 сәуірде таңертеңгі сағат 8-де камерада бірге отырған адамы Бекбол Қибаевты қол жуатын жерден сол қолының білегін кесіп, қансыраған күйінде тапқан.

Түрменің медициналық қызметкерлері оған медициналық көмек көрсетті, бірақ оны құтқара алмады. Жедел жәрдем бригадасы оның көп қан жоғалтқаннан қайтыс болғанын нақтылады.

Қибаев Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар күдікті ретінде тергеу изоляторына қамалды.

Оның қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді Алматы қаласының арнайы прокурорлары қолға алды. Оқиғаның барлық мән-жайы объективті зерттеліп, жария етіледі, - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Айта кетсек, наурыз айының соңында Жамбыл облысында, Алматы мен Шымкентте Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке белсене қатысқандарды ұстау үшін арнайы операция өткізілді. Ол кезде қауіпсіздік күштері 25 адамды ұстады, олардың жетеуі - бұрын сотталғандар. Оларды Алматыға әкеліп, екі айға қамауға алды.

7 ақпанда сағат 19.00 шамасында Қордай ауданына қарасты ауылдың шетінде топтық төбелесті бастаған 70-ке жуық агрессивті адам жиналды. Қақтығысқа жалпы саны 300-ге жуық адам қатысты. Оқыс оқиғадан кейін 185 азаматтың зардап шеккені анықталды, оның 34-і ауруханаға жеткізілді, 11 адам қайтыс болды. Сонымен қатар үйлер, коммерциялық нысандар мен көліктер отқа оранды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: