Теміртауда жұмысшылардың өліміне байланысты тергеу шаралары қолға алынды

Жұмысшы, Теміртау, қайғылы оқиға, биіктен құлау, Қармет, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2024 16:29 Сурет: freepik
Теміртаудағы металлургия комбинатта екі жұмысшының қаза табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 25 тамызда таңертең "Qarmet" АҚ-тың металлургиялық комбинаты аумағында шатырды бөлшектеу жұмыстары кезінде орын алды.

"Болған жазатайым оқиға фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы, 4-бөлігі, яғни "Екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеліп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды", деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Теміртаудағы металлургия комбинатында екі адам биіктен құлап, алған жарақаттарынан көз жұмған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: