Тоқаев: Түркістан облысында 22 мыңға жуық адам эвакуацияланды

Ақорда Ақорда
10 ауылды су алды.

Қазақстан Президенті Өзбекстандағы дамбаның жарылуына байланысты Түркістан облысындағы жағдайды өз бақылауында ұстап отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

"Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде", деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттерде.

1 мамырда таңғы сағат 05:10 шамасында Сардоба су қоймасының бөгетінің төменгі бөлігінің шайылып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба ауданының аумағында су тасыды. Осыған байланысты Түркістан облысының кейбір елді-мекендеріне зиян келді. Мақтаарал ауданында жедел штаб құрылып, техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай комиссиясында ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Бекер жетекшілік ететін республикалық шұғыл штаб та жұмыс істейді. 2020 жылдың 2 мамырында су алған ауданда техногендік төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз