Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында 25 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2020 16:41 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ең бастысы жұмысшылардың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында барлық қауіпсіздік шаралары қамтылып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде "Жұмыспен қамтудың Жол картасы" шеңберінде іске асырылатын жобалар туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баяндады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2020 16:41

"Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасына" сәйкес өңірде жаңа ғимараттар бой көтеріп, әлеуметтік-мәдениет нысандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ғимараттарында жөндеу жұмыстары жүзеге асырылмақ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2020 16:41

Инженерлік-көлік инфрақұрылымдарын қайта жөндеуден өткізіп, елді мекендерді абаттандыру көзделген. Осы мақсатта Түркістан облысында 460 инфрақұрылымдық жобалар бекітіліп отыр. Оның ішінде 48 нысан Түркістан қаласын дамыту жоспарына бағытталған. Ауқымды жұмыстар барысында өңірде 25 мыңға жуық уақытша жұмыс орны ашылады. Іс ілгері қадам басып, жобалар жүзеге асқан соң екі мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құру көзделген. Азаматтардың орташа жалақысы 85 мың теңгеден төмен болмайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2020 16:41

Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібіне сәйкес аудан, қалаларда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын мердігерлерді анықтау жұмыстарын жүргізу басталды. Мамыр айының бірінші онкүндігіне дейін инфрақұрылымдық жобалардың басталуын, тиісті жұмыс орындарына жұмыссыздардың тартылуын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ең бастысы жұмысшылардың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында барлық қауіпсіздік шаралары қамтылып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп отырады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2020 16:41

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: