Жаңалықтар тізбегі
0

Мәулен Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының спикері болып сайланды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2020 17:58 Ақорда
Әшімбаев 2019 жылдың желтоқсанынан бері ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып келген.

Мәулен Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы болды.

Президенттің ұсынысы бойынша сенаторлар жасырын дауыс беру арқылы Мәулен Әшімбаевты Парламент Сенатының Төрағасы етіп бірауыздан сайлады.

М.Әшімбаев Президентке және сенаторларға жоғары сенім көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

"Президентіміз еліміздің алдында тұрған мақсаттарға жан-жақты тоқталып кетті. Қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселе, ол әрине, пандемиямен – бүкіл әлемге тараған осы індетпен күресті жалғастыру. Мемлекет басшысы атап өткендей, барлық мемлекеттік органдардың басты міндеті төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін Елбасымыздың саясатының сабақтастығын сақтап, мемлекетімізді, экономиканы одан әрі дамытуға, еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған Президентіміздің стратегиясын іске асыру болып табылады. Қазақстан Парламенті Сенаты Мемлекет басшысының саясатын заңнамалық тұрғыда сапалы қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараны жүзеге асыратын болады", - деді Мәулен Әшімбаев.

Әшімбаев 2019 жылдың желтоқсанынан бері ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып келген.

2 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызының өкілеттігі тоқтатылды. 4 мамырда ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып, онда "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Д.Н.Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы" қаулы қабылданды.

Мәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматы қаласында туған.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

- С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті (1993), экономист

- АҚШ-та тағылымдама, Джон Хопкинс университеті, Халықаралық зерттеулер мектебі (09.2003 – 01.2004)

- Тафтс университетіндегі Флетчер атындағы заң және дипломатия мектебі.

Еңбек жолы:

- ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі Баспасөз қорының Маркетинг бөлімінің жетекші маманы, бас маман, атқарушы директорының орынбасары (1993-1994);

- ҚР Жоғарғы Кеңесі депутаты Д.Нұрахметовтың көмекшісі (1994-1995);

- Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кеңесшісі (1995);

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының аға сарапшысы, сектор меңгерушісі, бастығының бірінші орынбасары (1995 – 1999);

- Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығының бастығы (04.1999 – 02.2000);

- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры (05.2000 – 05.2005);

- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры (03.2004 – 05.2005);

- Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары (05.2005 – 04.2006);

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары (13.04.2006 – 10.2011);

- Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (30.07.2019 – 18.12.2019);

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары (2019 жылғы 18 желтоқсаннан бастап).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: