Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Бұзылған қыздар келеді: Шымкентте пәтерін сағатқа жалға беретіндер көп

Ұят та болса, айтайық.

Сурет : видеодан кадр4 Мамыр 2020, 13:12

Шымкентте карантинді пысқырмағандар енді жалға берілетін пәтерлерін арзанға бағалап, елдің шамына тиіп жатыр. Тіпті, жанындағы көршілерден де айылын жияр емес. Амалы таусылған жұрт жаппай полицияға шағымданымен нәтиже шамалы, дейді. Тәртіп сақшылары анықтап, әкімшілік жауапқа тартады, алайда, кәсібін қайта жалғастырып жүргендерін айтады. Сонда не істемек керек?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Төлеген Айбергенов көшесіндегі мына бір көпқабатты үйде 100 пәтер бар. Оның тек 10-ын ғана отбасылар паналасы, қалғаны жалға беріледі екен. Бөлмесі мен ішкі тазалығына қарай бағасы да әртүрлі. Сағаты мың теңгеден басталатын көрінеді. Баспана арзан әрі орталықта. Сондықтан, клиенттер күндіз-түні келіп жүреді. Бұл жағдай осындағы тұрғындардың әбден мазасын қашырған.

Светлана Назенова, үй төрайымы:

"Көмек сұрап, жан жаққа хабарластық. Прокуратура , учаскелік инспекторға дейін жаздық, ешқандай өзгеріс жоқ. Тек, шамалы уақыт қана тынышталады. Кейінен қайта басталады. Білмейміз, қандай амал қарастыратынымызды".

Жалдамалы пәтерлердің жын-ойнақтың ордасына айналғанын біз бұған дейін де көрсеткен едік. Түйткіл әлі шешілмеген. Тұрғындардың айтуынша, пәтерді таңға дейін жалдап, ойын-сауыққа айналдыратындар түнімен айқай-шу шығарып, соңы төбелеске ұласып жататынын айтады. Мұның барлығы үйдегі балалардың тәрбиесіне кері әсерін тигізіп жатыр, дейді ашынған жұрт.

Т.Айбергенов көшесі, 1б үй тұрғыны:

"Ұят та болса айтайын, бұзық әйелдер келеді. Еркектің бұзығы деп айтпайсың ғой. Бұзық әйелдің түрі белгілі болады. Бетіңе қарай, жаман сөздер сөйледі. Ол сенен қысылып, ұят-ау, мен ұят зат істеп жатырмын- ау, мына жерге келдім- ау деген ойы жоқ оларда".


Жалдамалы пәтерлерді тексеріп жүрген тәртіп сақшылары құжатсыз азаматтарды да кезіктірді.

Осы күні Шымкентте нақты қанша пәтердің жалға берілетінін ешкім дөп басып айта алмайды. Тек, 300-ін ғана анықтапты полицейлер. Олардың заңдылығын тексеру үшін крістер департаментіне хат жолдапты.

Данабай Әлиев, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бөлім бастығы:

Бұдан бөлек, пәтерлерді ұсынған азаматшаларды анықтадық. Оларға қатысты 15 жәйтті анықтап, Әкімшілік кодексінің 449 бабымен әкімшілік шара көрдік. Төтенше жағдай кезінде жалға берілетін пәтерлер өз қызметін тоқтатуы тиіс. Егер мұндай фактілер анықталған жағдайда, Әкімшілік кодексінің 476 бабымен әкімшілік хаттама толтырылады.

Яғни, қолданыстағы заң жай "ескертуге" немесе 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлетуге, қала берді 15 тәулікке қамауға ғана қауқарлы екен. Сондықтан, тұрғындар, бұл мәселені шешуге қала әкімінің араласуын қалап отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер