Енді пәтерін жалға беретіндер де салық төлейді

Енді пәтерін жалға беретіндер де салық төлейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2025 16:06 Сурет: pixabay
Қазақстанда пәтерін жалға беретін азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, декларация тапсырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес, бұл қызмет түрін заңдастыру үшін жасалған.

Одан бөлек, азаматтар жыл сайын жалға беруден түскен кірістер мен мүлік туралы декларацияны келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсынуға және 10% мөлшерінде жеке табыс салығын төлеуге міндетті болады.

10 пайыздық мөлшерлемеге зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдер кірмейді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: