Пәтерін жалға беретін зейнеткерлер салық төлей ме

Пенсия, пенсионеры, пенсионер, пенсионный возраст, пенсионные накопления, пенсионные отчисления, пенсионный фонд, ЕНПФ, пенсионная система, накопительная пенсионная система, накопления, пенсионные выплаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2026 17:42 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан заңнамасына сәйкес, зейнеткерлер тұрғын үйін жалға беріп, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде жұмыс істей алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәліметінше, бұл үшін келесі талаптар сақталуы тиіс:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
  • жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуі;
  • жалдамалы қызметкерлерді пайдаланбауы;
  • ай сайынғы табысы 300 АЕК (2026 жылы 1 297 500 теңге) аспауы керек.

Салық мәселесі

Елімізде жасына байланысты зейнеткерлер аталған режимді қолданған жағдайда салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлемейді.

Пәтерді ресми түрде жалға беру үшін:

  • "e-Salyq Business" мобильді қосымшасында тіркелу қажет;
  • ай сайын міндетті түрде фискалдық чектер беру қажет.

Арнайы салық режимін қолдану мерзімі алғашқы чек берілген күннен басталады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер департаменті ескерткендей, чек бермеу заң бұзушылық болып саналады.

Бұған дейін Қаржы министрлігі қазақстандықтардың мобильді аударым деректерін алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: