Түрмеде отырған қазақстандық азаматтарға жоқ коттедждерді жалға беріп, алаяқтықпен айналысқан

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2026 10:03 Фото: Zakon.kz
Өскемендегі колонияда жазасын өтеп жатқан 24 жастағы жігіт Павлодардағы жоқ коттедждерді қашықтан жалға беріп, адамдарды алдап келген. Тұтқын алаяқтық қызметпен 2025 жылдың сәуірі мен маусымы аралығында айналысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ирбис ТВ" телеарнасының ақпаратынша, күдікті Павлодар қаласы мен Бұқтырма кентіндегі үйлерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Үйлердің тәуліктік бағасы әртүрлі болған – кейбірі 20 мың теңге, енді бірі 80 мың теңге деп көрсетілген.

Пәтер не үй іздеген адамдар хабарласқан кезде, ол тұрғын үйдің бар екені және оны жалға алуға болатыны туралы жалған ақпарат берген.

"Кейін клиент жалға алуға келісім берген соң, алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны арнайы дайындалған банк шотына аудартқаннан кейін, түскен қаражатты иемденіп, өз қалауынша жұмсаған", – делінген Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының ақпаратында.

Іс бойынша жалпы 30 эпизод тіркелген. Бұған дейін алаяқтық, тонау және ұрлық үшін сотталған жігіт өз кінәсін мойындамаған. Соған қарамастан, сот жиналған дәлелдер жеткілікті деп танып, оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұл жаза оның алдыңғы қылмысы бойынша өтелмей қалған бір жылдық мерзіміне қосылды.

Айта кетейік, келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 800 мың теңгені құраған. Алайда зардап шеккендердің аз ғана бөлігі материалдық шығынды өндіріп беруді талап еткен.

Бұған дейін Ақтөбеде шетел азаматының ағасының төлқұжаты арқылы Ресейге заңсыз өтпек болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: