Жаңалықтар тізбегі
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көмегімен Нұр-Сұлтан бюджетіне 7,3 млрд теңге қайтарылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2020 20:24 zakon.kz
Карантин кезеңінде жеке қорғаныс құралдарын қасақана қымбаттатып, одан пайда табуға тырысқандар болған.

Бюджетке келтірілген 7,3 млрд теңге көлеміндегі зиянның орны толтырылды, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының орынбасары Мэлс Ақылбаев Антикордағы онлайн-кездесу барысында, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекетіміз үшін пандемия мен экономикалық құлдырау салдарынан туындаған қиын кезеңде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджетке келтірілген 7,3 млрд теңге көлеміндегі нақты шығыннын орнын толтыртты. Оның 6,4 млрд теңгесі тек бір қылмыстық іс бойынша қайтарылды, - деді Ақылбаев.

Ол карантин кезеңінде жеке қорғаныс құралдарын қасақана қымбаттатып, одан пайда табуға тырысқандар болғанын еске салды. Мәселен, мысалы, 18 наурызда елордадағы департамент астанада бір медициналық масканы 250 теңгеден сатып, оның 21 750 данасын өткізуге тырысқан Қазақстан азаматын ұстады.

Сол сияқты, 2020 жылдың 19 наурызында Моңғолия Республикасының азаматынан 20 мың маска тәркіленді. Барлық өнімдер Денсаулық сақтау министрлігі арқылы тексеріліп, олардың қайдан алынғандығын анықтау бойынша шаралар қабылдануда. Карантиндік аймақтардың өткізу пункттерінде қалаға кіру және шығу кезінде пара алу фактілерін болдырмау үшін жедел-тергеу топтары құрылды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары.

Жалпы, оның ақпараты бойынша, 2020 жылдың І тоқсанының нәтижелері бойынша, департамент сотқа дейінгі 82 тергеудің 49-ы немесе тергеу жүргізіліп жатқан істердің жалпы санының 59,8% -ын тіркеді, 16 адамға қатысты 25 қылмыстық іс немесе 51% сотқа жолданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: