"Әкімнің жалақысы". Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коммерциялық құпияны ашты
Шенеуніктердің жеке өміріне уақыты жетпейді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің 70 пайыздан астамы сауалнама барысында айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Қауырт жұмысбастылыққа байланысты көптеген қызметкер айына бір рет үйлеріндегілердің бетін әрең көреді. Олардың бестен бірі стресс жағдайында жұмыс істейді. Рас, осыған сай оларға жоғары жалақы төленеді. Олардың жалақысы әкімдер мен ұлттық компания қызметкерлерінің жалақысына тең. Мұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өзіндегілер журналистерге ашып айтты.
- Тәжірибесі жоқ жұмысқа жаңа келген маман барлық жәрдемақыларды қосқанда қолына 250 мың теңге алады. Егер аттестациядан өткен қызметкерлерді алсақ, онда да 15 жылдан астам тәжірибесі бар аса маңызды мәселелер бойынша офицер 600-700 мың теңгеге дейін алады, яғни бұл әкімдердің жалақысы, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Кадрлар бөлімінің бастығы.
Жақсы табыс біздің қызметкерлердің жеке өміріне жетпейтін 90 процентті өтеп, әзірге жақсы көмектесіп тұр. Бұл - "Жұмыс орнындағы әл-ауқат" жобасының аясында жүргізілген зерттеу нәтижесі.