Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақстанда депозиттердің барлық түрі бойынша мөлшерлеме қайта қаралды

Жинақ депозиттер мерзіміне қарамастан ең табысты салымдар болып қала береді.

Сурет : zakon.kz4 Мамыр 2020, 16:53

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша маусым айына ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемерді бекітті. Депозиттердің барлық түрлері бойынша мөлшерлемелер қайта қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мерзімсіз және қысқа мерзімді депозиттер бой ынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері депозиттердің осы тобына қатысты мөлшерлемелердің бірқалыпты төмендеуі аясында қайта қаралды.

Соның нәтижесінде теңгедегі мерзімсіз депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме маусым айында 11,0 пайызды құрайды. 3 және 6 айға арналған мерзімді депозиттердің толықтыруға болатын түрі бойынша – 11%, ал толықтырылмайтын түрі – 11,5%. Сондай-ақ осы мерзімге арналған жинақ депозиттердің толықтырылатын түрі – 12,0%, толықтырылмайтын түрі – 12,5%.

12 және 24 айға шақталған ұзақ мерзімді салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелер төмен қарай да жоғары қарай да өзгерді. Бұл салымдар бойынша пайыздар орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі негізінде есептеледі.

Мерзімі 12 ай, толықтыру мүмкіндігі бар жинақ депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер маусым айында 12,8 пайызға дейін төмендейді. Ал толықтыру мүмкіндігі бар, 12 және 24 айға салынатын мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер сәйкесінше 10,5% және 10,3%-ға дейін, толықтыру мүмкіндігі жоқ түрлері бойынша – 11,2% және 11,1%-ға дейін төмендейді.

Толықтыру мүмкіндігі бар ұзақ мерзімді салымдар бойынша мөлшерлемелердің төмендеуі толықтыру құқығының құнын қайта қарауға байланысты орын алып отыр. ҚДКБҚ оны Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің өзгергендігін және соның нәтижесінде мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық ауытқымасында орын алған өзгерістерді назарға ала отырып, Әдістемеге[1] сәйкес өзгертті.

Толықтыру құқығы бар, мерзімі 24 ай болатын жинақ депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелер – 12,9%-ға дейін, ал толықтыру құқығы жоқ, мерзімі бір және екі жылға арналған түрі бойынша – 14,9%-ға дейін жоғарылайды.

Жалпы маусым айында барлық мерзімге арналған жинақ депозиттер банк клиенттері үшін өзінің тартымдылығын сақтайды және басқа кез келген салымға қарағанда (12%-дан 14,9%-ға дейін) үлкен табыс әкеледі.

[1] Жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшерін анықтау және бекіту Әдістемесі


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер