Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматы облысында орманшының өзі браконьерлікпен айналысқан

Қарудың біреуінің тіркелмегені және ешқандай құжаттарының жоқ екені анықталды.

Сурет : Алматы облысы ПД баспасөз қызметі5 Мамыр 2020, 12:16

"Уылдырық шашу" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Кеген аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қарқара ауылдық округіндегі "Шарқұдық" деп аталатын учаскедегі 30 жастағы орман шаруасының үй-жайыннан 2 дана аңшылық атыс қаруын, сондай-ақ 14 дана оқ-дәрі және жабайы жануардың, шамамен еліктің етін тәркіледі, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарудың біреуінің тіркелмегені және ешқандай құжаттарының жоқ екені анықталды.

"Экологиялық құқық бұзушылықтар ең көп латенттік дәрежеге ие, олардың көбі көрінбейтін жағдайда жасалады, алайда біз оларды анықтау бойынша жұмыстарды белсенді жүргізуге және экологиялық , табиғатты қорғау іс-шараларын жиі өткізуге тырысамыз. Барлық азаматтарды заңды бұзбауға, браконьерлермен, табиғатқа залал келтірушілермен күресте құқық қорғау органдарына көмек көрсетуге шақырамыз", - дейді Алматы облысы Кеген аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерлік Уркинбаев.

Аталған дерек ҚР ҚК 337 бабы бойынша СДТБТ-да (Заңсыз аң аулау) тіркелді. Тәркіленген жануардың еті биологиялық сараптамаға жіберілді. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Анықтама үшін: 16 сәуірде басталған жалпыреспубликалық "Уылдырық шашу" жедел-алдын алу іс-шарасының барысында Алматы облысының құқық қорғау органдары табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 72 құқық бұзушыны анықтады. Оның ішінде 49 дерек - заңсыз балық аулау, 18- заңсыз аң аулау, 5 - заңсыз ағаш кесу және өсімдіктер жинау. Іс-шара барысында 300 кг-дан астам балық, 2 жабайы жануарлар еті, 5 резеңке қайық, 29 балық және аң аулау құралдары: 3 бірлік атыс қаруы, желілер, моторлар, аккумуляторлар, фар іздегіштер, шаншу құралдары, ілмекті құралдар және өзге де құралдар тәркіленді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер