Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Мемлекет көктемгі егісті аяқтау үшін фермерлерді қаржыландырады

Екі жарым мыңға жуық фермер "Кең дала" бағдарламасы бойынша қолдауға ие болды.

Сурет : inbusiness.kz5 Мамыр 2020, 15:30

Мемлекет көктемгі егіс жұмыстарын табысты аяқтау үшін Қазақстан фермерлерін қаржыландырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 70 млрд теңге бөлуді тапсырды. Екі жарым мыңға жуық фермер "Кең дала" бағдарламасы бойынша қолдауға ие болды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге несиелер жылдық 5%-дан беріледі. Оларды 2 405 фермер алды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша республикалық бюджеттен егіс жұмыстары алдында фермерлердің айналым қаражатын толықтыру үшін өткен жылғыдан 10 млрд теңгеге артық қаржы бөлінді.

Сондай-ақ Президент тапсырмасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 100 млрд теңге көлемінде қосымша көмек "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасында қарастырылған. Ол бойынша жылдық 6%-бен өтінім қабылдау басталды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер