Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде фермерлерді қаржыландырушы бағдарлама қайта іске қосылды

Қаржыландыру, ауылшаруашылығы, Кең дала-2 бағдарламасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2024 19:28 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2024 жылы 1 қарашадан бастап Аграрлық несие корпорациясы "Кең дала 2" бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды бастады. Бұл туралы Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыруды ерте іске қосамыз. Алғашқы 100 миллиард теңгеге өтінім қабылдау қараша айында басталады. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау шаралары сақталады және фермерлер несиелерін бұрынғы шарттармен төлей алады", - деді "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.

Айта кету керек, биыл Аграрлық несие корпорациясы көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарына 320 млрд теңге бөлді. 2023-жылы 140 млрд теңге берілген еді.

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында, Үкіметтің қолдауымен 2025-жылдың көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарына 700 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Оның 560 млрд теңгеге жуығын "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен Аграрлық несие корпорациясы нарық капиталынан тартатын болады.

Осылайша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мемлекеттік қолдау шараларының арқасында барынша қолайлы жағдайда қаржылық қолдауға ие болады.

Мемлекеттік қолдаудың сынақтан өткен механизміне сәйкес, "Кең дала 2" бағдарламасы бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту Қоры кепілдендіретін құрал қолданылады. Өз кезегінде, Аграрлық несие корпорациясының еншілес компаниясы "ҚазАгроҚаржы" АҚ жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген лизинг бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін 7 жылға дейінгі мерзімге қаржыландырады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: