Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Мақтаарал ауданына "Nur Otan" партиясы 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті

Бүгін партияның Орталық аппараты елордадан Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарларды жөнелтті.

Сурет : видеодан алынды5 Мамыр 2020, 15:59

Мақтаарал аймағында зардап шеккендерге "Nur Otan" партиясы гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, көршілес Өзбекстанда су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысы Мақтарал ауданының елдімекендерін су басып, 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға тез арада тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап "Nur Otan" бұдан сырт қалмады. Партия филиалы мен мүшелері зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетуде. Бүгін партияның Орталық аппараты елордадан Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарларды жөнелтті. Су тасқыны болған жерде тікелей "Jas Otan" волонтерларынан штаб құрылды. Олар зардап шеккен тұрғындарға жүкті үлестіріп беруге атсалысады" делінген жазбада.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер