Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысына гуманитарлық көмек қабылдау пункттері өз жұмысын бастады

Волонтер, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2022 13:49 Сурет: Amanat партиясының баспасөз қызметі
Amanat партиясының барлық өңірлік филиалдарында Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинау пункттері жұмысқа кірісті. Онда бірінші кезекте қажетті тауарлар, азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), жылы киім, тазалық құралдары керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыдан келген ерікті Жандос Тәліповтың айтуынша, мұндай жағдайда шетте қалуға болмайды.

Зардап шеккендерге жай сөзбен ғана емес, іспен де көмектескім келеді. Мен барша қазақстандықтарды зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырамын, Қостанай - Біз біргеміз!, - деді ол.

Гуманитарлық көмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2022 13:49

Сурет: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Дәл осындай уақытта біз елдігімізді, ауызбіршілігімізді көрсетуіміз керек. Себебі өзгенің басына түскен қиындыққа бейжай қарап, қол қусырып отыруға болмайды. Біз зардап шеккендерге мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралуға жағдай жасап, көмектесуіміз керек, – деді өскемендік ерікті Марлен Әбубәкір.

Айта кетейік, қазірдің өзінде қазақстандықтар жолдаған алғашқы көмек і жиын пункттеріне келіп түсуде.

Партия бастамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2022 13:49

Сурет: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Өңірдегі өрт осымен үшінші күн сөндіріліп жатыр. Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елдімекендеріне қауіп төнді. Егде жастағы бір ер адам қаза тапты, 10 адам жарақаттанды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: