Қазақстаннан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді

ҚР ТЖМ, Сирия, жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 17:56 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстан Сирияға азық-түлік, киім-кешек және төсек-орын жабдықтарынан тұратын гуманитарлық көмек жіберді. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілді.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Гуманитарлық жүктердің құрамына консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары кірді. Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арқылы Алеппо қаласына төрт рейспен жіберіледі".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

10 ақпан күні Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Сирияға көмек ретінде 160 миллион теңгеден астам қаржы бөлетінін мәлімдеді

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: