Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Н.Нығматулин: заң жобасына алғаш рет "парламенттік оппозиция" ұғымы енді

Президенттің парламенттік оппозиция институтын құру туралы бастамасы заңнамамен бекітілді – Н.Нығматулин.

Сурет : Ж.Құспанов6 Мамыр 2020, 11:52

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттардың өздері бастамашы болған парламенттік оппозиция туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, құжат жобасы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленді.

- Осыған орай, Мәжіліс депутаттары бастамашы болған осы заң жобасында алғаш рет "парламенттік оппозиция" деген ұғым енгізілді. Бұл Парламент тарихында бұрын болмаған, бірақ та, уақыт талабына сай жасалып отырған өте қажетті қадам. Себебі, Парламенттік оппозиция - демократияны одан әрі нығайтуға, Парламент жұмысын дамытуға, сонымен бірге, ашық және еркін қоғамды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Сондықтан, дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, осы заң аясында, тиімді парламенттік оппозиция қалыптастыру керек деп есептейміз, - деді Нұрлан Нығматулин.

Осы заң жобасы бойынша депутаттар бірқатар түзетулер енгізді. Түзетулерге сәйкес парламенттік оппозиция Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің хатшылары лауазымына кандидатура ұсынуға да құқылы болады. Бұл ретте, екі тұрақты комитеттің хатшылары парламенттік оппозиция ұсынған депутаттар арасынан сайланады.

Бұған қоса, құқықтық олқылықтарды болғызбау, заң жобасының нормаларын бір-біріне және басқа заңнамалық актілерге сәйкес келтіру мақсатында редакциялық, нақтылаушы сипаттағы түзетулер енгізілді.

Талқылауды қорытындылаған Мәжіліс Төрағасы осы заң жобасы және оны іс жүзінде қолдану азаматтардың, жалпы алғанда қоғам мүддесі аясында жетілдіріліп отыратынын айтты.

Заң жобасының негізгі мақсаты – парламенттік оппозиция институтын қалыптастыруды реттеу саласында құқықтық негіздерді қамтамасыз ету.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер