Мәжілісте парламенттік көпшілік және парламенттік оппозиция бойынша кеңестер өтуде

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2021 00:05 Ж.Құспанов
"Парламенттік оппозиция" ұғымы қолданыстағы заңнамамен бекітіліп, оның құрамына кіруге Мәжіліске өткен партиялардың мүмкіндігі бар.

Бүгін Мәжілісте парламенттік көпшілік және парламенттік оппозицияға кіретін саяси партиялардың фракциялары басшыларының кеңесі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Парламенттік оппозиция" ұғымы қолданыстағы заңнамамен бекітіліп, оның құрамына кіруге Мәжіліске өткен партиялардың мүмкіндігі бар. Ол үшін Палатада тіркелу кезінде партия өзінің парламенттік оппозицияға қатыстылығын мәлімдеуі тиіс.

Дауыс беру нәтижесінде және Мәжіліске берілген хабарламаларға сәйкес, VII шақырылымда парламенттік оппозицияға "Ақ жол" Демократиялық партиясы және Қазақстан халық партиясының депутаттары кірді. Сонымен қатар, парламенттік оппозиция Мәжілістегі тұрақты комитетті басқарып, өз депутаттарының арасынан екі тұрақты комитеттерінің хатшыларын ұсынуға құқы бар.

Бүгін "Nur Otan" партиясы фракциясының басшысы Нұрлан Нығматулин, "Ақ жол" фракциясының басшысы Азат Перуашев және Қазақстан халық партиясы фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров кеңес өткізді. Жиында парламенттік оппозиция мүшесінен төраға мен хатшылар сайланатын тұрақты комитеттер анықтады.

Кеңес қорытындысы бойынша Мәжіліс комитеті анықтайтын фракция жетекшілерінің бірлескен шешімі шығарылады. Онда парламенттік оппозиция тарапынан төраға мен хатшы, сондай-ақ парламенттік оппозициялардан осы лауазымға бірегей кандидат бекітілген шешім болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: