Жаңалықтар тізбегі
0

"Жол картасы" биыл 1 миллион 220 мың адамды жұмысқа салады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2020 18:47 видеодан кадр
Кемі қара күзде бір нәтиженің төбесі көруіне тиіс.

Коронавирустың кесірінен болған дағдарыс талай адамды жұмыссыз қалдыратын түрі бар. Ал жұмыссыздық салдары қашан да өзекті проблемаларға алып келеді. Бұған жол бермес үшін Үкімет қазірден қамданып жатыр. "Жол картасы" аясында биылдың өзінде 1 млн 200 мың адамға жалақы алатын іс тауып бермек.

Ал, сарапшылар болса маусымдық жұмыстармен ғана шектеліп қалмай, дағдарысқа қарсы бағдарламаларға бөлінген қаражаттың діттеген жеріне жетуін қадағалау маңызды екенін айтады. Қомақты ақшаның үлес салмағын анықтап, саралап алмаса миллиардтардың экономикаға еселеніп қайтуы екіталай дейді.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мемлекет тарапынан жасалатын қолдау мен көмекті ірі қалаларға ғана емес, өңірлер де толыққанды алатын болады. Министр Нұрымбетов, әсіресе, ауыл шаруашылығы бағытына қатысты жобалардың бір төбе екенін айтты. Бұл бастамалар сәтті іске асса, халықтың табыс көзін арттыратын 77 мың тұрақты жұмыс орнын құруға септігін тигізеді екен.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

"Өңірлерде "Жол карталарын" іске асыру басталып кетті. Барлығы 6 506 жобаның ішінде 2 410 жобасы республикалық бюджет есебінен іске асырылады. Тиісті қаражат бөлінген. Сол жобалардың басым бөлігі бойынша 1 мамырда мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, мердігерлер анықталды".

Бұл күні 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы, 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы, басқа да мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруды қамтитын кешенді жоспарлар бекітілген. Министр бұл шаралар бірқатар азаматқа табыс көзі болатынына сенімді.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

"Барлық іске асырылып жатқан бағдарламалардың әлеуетін ескере отырып, 2020 жылы жұмыспен қамтуды ынталандыру шараларына 1 миллион 220 мың адамды тарту мүмкіндігі бар".


Жол картасы дегенде, бірінші еске түсетіні маусымдық жұмыстар. Осы ретте сарапшы мамандар дағдарысқа қарсы бағдарламаларға бөлінген қаражаттың көлемі мен тиімділігі арасында байланыс болу керек дейді. Осының үлес салмағын анықтап, саралап алмаса миллиардтардың экономикаға еселеніп қайтуы екіталай.

Жанат Нұрғалиева, "Integrity Astana" коммерциялық емес ұйымының директоры:

"Мәселен, Үкімет 300 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырған "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын алайық. Бағдарламаның мақсаты - жаңа жұмыс орындарын ашу. Қандай жұмыс орындары ашылғанына қарап, жоба қалай қаржыландырылып жатқанын көреміз. Көбінесе, бағдарлама бойынша маусымдық жұмыс орындары ашылғаны байқалады, яғни, ол жол жөндеу, құрылыс жұмыстары және тағы басқа. Бірақ, мемлекет уақытша жұмыс орындарын ашуға үнемі қаржы бөле алмайды ғой. Сондықтан, біз тұрақты жұмыс орындарын құруға көшуіміз керек".

Айтты-айтпады енді биліктің барлық тармағы өткен күндегідей, балқып, шалқып емес, айылды тартып еңбек етулері міндетті болады. Мемлекет басшысы республикалық газетке берген сұхбатында кейбір факторларды ерекше атап өтті.

"Ескерте кететін бір жайт, бюджет қаржысына қымбат көлік пен жиһаз алынбайды. Ауқымды жиындар өткізуге арналған қаражат қысқартылды. Кейбір инвестициялық жобалар кейінге қалдырылды. Үнемделген қаражат экономиканың тұрақты дамуын және төтенше жағдай режімін қамтамасыз етуге жұмсалуда. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылып жатыр".


Статистика комитетінің дерегінше еліміздегі жұмыссыздықтың көлемі 4,8 пайыз. Бұл көрсеткіштен аспайтын бір қасиеті бар. Ал дағдрыстан қарсы қабылданып жатқан бағдарламалардың тиімділігіне баға беру үшін әлі уақыт керек. Кемі қара күзде бір нәтиженің төбесі көруіне тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: