Жаңалықтар тізбегі
0

Сәкен Мұсайбеков ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2020 22:52 primeminister.kz
Бұрын бұл лауазымды Рамазанов Елдос Мұратұлы атқарып келген.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сәкен Мұсайбеков 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы "Алма" Алматы салааралық іскерлік қатынастар интерассоциациясының маркетинг бойынша жетекші маманы болып бастаған.

1995-1996 жылдары — ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Шетел капиталын пайдалану комитетінің Сыртқы көмекті үйлестіру басқармасының жан-жақты көмек секторының жетекші маманы, бас маманы.

1996-2000 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының көмекшісі.

Түрлі жылдары мемлекеттік кірістер министрінің кеңесшісі, Қаржы министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры, "Қазақавтожол" РМК бас директорының орынбасары, Қаржы министрлігі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған.

2004-2005 жылдары — ҚР көлік және комуникациялар вице-министрі.

2008-2012 жылдары — "Қазына" тұрақты даму қоры» АҚ басқарушы директоры, "Самұрық-Қазына" АҚ аппаратының басшысы.

2012-2015 жылдары — Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының бас директоры.

2015 жылдан 2019 жылға дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып қызмет атқарды.

2019 жылғы ақпаннан қазіргі таңға дейін ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы лауазымын атқарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: