ҚР мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2021 17:05 primeminister.kz
Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ержан Мәлікұлы Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке компанияда заңгер болып бастаған.

Әр жылдары жеке компанияларда жобалар жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген.

2009-2013 жж. – "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының бас директоры.

2013-2016 жж. – "Медеу" спорт кешенінің бас директоры. 2016-2019 жж. – Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры. 2019 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: