Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Тоқаев Қазақстан халқын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Коронавирус індетімен күрестің алдыңғы шебінде жүрген әскери қызметшілер, соның ішінде арнаулы жиындарға шақырылған азаматтар да алғысқа лайық - Президент.

Сурет : Ақорда7 Мамыр 2020, 09:10

Мемлекет басшысы, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!

Айбынды армиямыздың даңқты дәстүрі кең-байтақ жерімізді жанқиярлықпен қорғап қалған батыр бабаларымыз бен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігінен бастау алады. Бүгінде әскеріміз Тәуелсіз Қазақстанның берік қалқаны ретінде жауынгерлік шеберлік пен асқақ рухтың озық үлгісін көрсетіп келеді.

Бұл мерекеде біз өз өмірін Отан қорғауға арнаған, антына адал жандарға ерекше құрмет көрсетеміз. Мемлекеттік шекарамыз бен әуе кеңістігімізді күзетіп, армия және флот бөлімшелерінде әскери борышын өтеп жатқан барлық сарбазға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Коронавирус індетімен күрестің алдыңғы шебінде жүрген әскери қызметшілер, соның ішінде арнаулы жиындарға шақырылған азаматтар да алғысқа лайық. Олардың ерен еңбегі – шынайы патриотизм мен елге қызмет етудің жарқын көрінісі.

Мемлекетіміздің қорғаныс әлеуетін күшейту, әскери қызметшілердің өздерін және отбасын қолдау басты міндетіміз болып қала береді.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және елдік мүдде жолындағы абыройлы әрі мәртебелі қызметтеріңізге толайым табыс тілеймін!


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер