Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Қаулыға қол қойды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2020 03:54 Ақорда
Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Қаулысы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын.

2. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдары:

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: