Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Мақтааралға Өзбекстаннан жұмысшылар көмекке келіп жетті

Бұл шаралар Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің арнайы тапсырмасымен жүзеге асырылуда.

Сурет : Түркістан облыстық әкімдігі7 Мамыр 2020, 17:08

Бүгін Мақтаарал ауданына арнайы техника және мамандарымен Өзбекстаннан арнайы топ келді. Олардың қатарында,100-ге жуық арнайы техника мен 200-ден астам маман келген, деп хабарлайды zakon.kz.

Техникалардың арасында өрт сөндіруші көліктер, экскаватрлар, тракторлар, сусорғыш және жүк көліктері, тұрғындарды тасымалдайтын автобустар бар.

Көрші елден келген жасақ жайылған суды сору, арналарды бұру, бөгет салу жұмыстарын жүргізбек. Сондай-ақ, су астында қалып, зақымданғна тұрғын үйлердің құрылысына да атсалысады. Көмекші топ алдағы уақытта тағы да жұмыс күші мен құрылыс материалдары келетінін жеткізді.

Бұл шаралар Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің арнайы тапсырмасымен жүзеге асырылуда.

Айта кетсек, 1 мамырда Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылды. Өзбекстан билігі резервуардағы деңгейді төмендету үшін суды сыртқа жіберді. Нәтижесінде Қазақстанға келіп, Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы ауылдарды су басқан.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер