Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Нұр-Сұлтанда құрылысшылар көпқабатты үйдің лифтісін салуды ұмытып кетті

Бұл аздай, нысанды жауаптылар бірнеше жылда 564 пәтерді 536 үлескерге сатып үлгеріпті.

Сурет : видеодан кадр11 Мамыр 2020, 11:43

Көпқабатты үйге лифт салуды ұмытып кеткен құрылыс компаниясы күлкіге қалды. Құрылысшылар жеделсатыдан бөлек, өрт кезінде түсетін сатыны да естен шығарған. Олқылықты енді байқаған олар лифтті нысанның сыртына орналастырып жатыр. Ал тұрғындар мұның қыста қауіпті екенін айтып, даурығуда. Пайдалануға берілмеген үйге қоныстануға қорқатындар да бар.

Өрескел қателікке кім жауапты? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"По проекту должно было быть 9 этажей. Но застройщик построил 12 этажей".


"Баспана көктал" деп аталатын мына тұрғын үй кешендерінің биіктігі 5 және 9 қабат болуы керек еді. Алайда жауапты мердігер компания - "Орал-Дизайн-Строй-Сервис" басшысы өзгеше шешіп, алаяқтыққа барған.

"5 қабатты болуы тиіс жерге 9 қабат салған, 9 қабаттың орнына 12 қабат көтерген. Үйдің барлығы да үлескерлерге сатылып кеткен. Сот шешімімен нысанның Тұрғын үй кооперативіне өтуіне байланысты техникалық тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде жобалық-сметалық құжат жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Қолданыстағы нормаға сәйкес, 6 қабаттан жоғары үйлердің лифті болуы тиіс. Сол себептен де жобалаушылар ол үйлерге лифт пен өрт баспалдағын салу туралы шешім қабылдады".

Артық ақша табу жолын қуған мердігер компания лифт пен адамдарға арналған қауіпсіздік сатысын салмаған. Ұмытпаған емес, мүлдем керек емес еткен. 11 жыл бойы бітпеген құрылысты қазір жергілікті билік қаперге алып, лифт пен өрт кезінде тұрғындар түсетін сатыны үйдің қасбетінен салып жатыр. Басқа амал қалмаған.

Хамза Тасшауов, қала тұрғыны:

Қазір өрт кезінде түсуге арналған саты мен ішкі жақты жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын байқаймыз. Өткен жылы құрылыс қайта жанданды.


Бұл аздай, нысанды жауаптылар бірнеше жылда 564 пәтерді 536 үлескерге сатып үлгеріпті. Алаяқтық анықталған соң, жауапты мердігер компания басшысы сотталды.

Құрылысы бітпеген мына үйлер осы көрші тұрған үйлерге де кедергі етеді екен. Өйткені, жергілікті тұрғындардың айтуынша, мына менің артымдағы балалардың ойнайтын қарапайым алаңы жоқ. Мына жердің барлығы тек қана автотұрақ пен газ құбыры өткен газголдерге ғана арналған сияқты.

Ержан Зариров, қала тұрғыны:

Балаларымыз ойнай алмай қиналып жүр. Осында жеті жыл тұрып келем Барлық жерге хат жаздым. Көріп тұрсыздар ғой, ешбір жағдай жасалмаған. Кішкентайларымызбен серуендеуге шыға алмаймыз.


Тұрғындар кейде үлескерлер келіп-кететінін айтады. Олар лифтісі мен қауіпсіздік сатысы сыртта болған тұрғын үй кешенінен баспаналы болуға әлі де үмітті. Алайда, 2009 жылдан бері салынып келе жатқан үйдің құрылысы қашан аяқталатыны белгісіз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер