Жаңалықтар тізбегі
0

Полицейлер адасып кеткен 4 жасар баланы ата-анасымен қауыштырды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2020 01:06 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Баланың отбасы Ұзынағаш ауылының шетінде тұратыны анықталды.

Алматы облысында полицейлер адасып кеткен 4 жасар баланы ата-анасымен қауыштырды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері баланы торт, шай және кәмпитпен тамақтандырып, жұбатқан.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының орталық көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері өз үйін таба алмай жылап жүрген баланы кездестірген. Тәртіп сақшылары сәбиді тыныштандырып, оны аудандық полиция бөліміне алып келген. Онда оны шаймен, тортпен тамақтандырып, артынша оның ата-анасын іздестіруді ұйымдастырған.

Баланың отбасы Ұзынағаш ауылының шетінде тұратыны анықталды.

"Нәтижесінде біз 29 жасар баланың анасын таптық. Төрт жасар баланың велосипедпен ойнап, ата-анасынан алысқа кетіп қалғаны анықталды. Бала үйінің орналасқан жері мен ата-анасының есімдері туралы еш нәрсе айта алмады. Дегенмен, біздің патрульдік полиция қызметкерлері жоғалған баланың анасының жеке басын анықтады. Бұл орайда, ұлын іздестіре бастаған ана да баласы мен біздің қызметкерлерімізді көріп қатты қуанды", - дейді Алматы облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Асхат Тегенбаев.

Полиция қызметкерлері баланы жауапкершілікпен қарау туралы қатаң ескерте отырып ата-анасына тапсырды. Ал 4 жасар Айсұлтанның ата-анасы жоғалып кеткен ұлдарын тауып берген полицейлерге шексіз алғысын білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2020 01:06

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2020 01:06

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: