Алматы облысында ата-анасымен ұрсысқан жасөспірім пойыздан түсірілді

Ұзынағаш ауылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2021 13:09 Сурет: pexels
Ұзынағаш ауылының 43 жастағы тұрғыны 15 жасар қызының жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған

Алматы облысының полицейлері қашып кеткен қызын ата-анасына қайтарып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 желтоқсанда Ұзынағаш ауылының 43 жастағы тұрғыны 15 жастағы қызының жоғалғаны туралы полицияға арызданған. Арызданушының айтуынша, ұрыс-керістен кейін қызы үйден кетіп қалған.

Қызға дереу іздеу жарияланды.

Желілік бөлімшенің полицейлері Шымкентке пойызбен қашып бара жатқан жасөспірімді Отар станциясынан түсіріп алды. Сөйтіп қызды ата-анасы алып кетті. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, полицейлер табылған жасөспіріммен тәрбие туралы әңгіме өткізген.

Кәмелетке толмағандармен заңды өкілдердің еріп жүрмеуіне байланысты ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: