Жаңалықтар тізбегі
0

Ішіп алып көлік жүргізе беретін ауыл тұрғыны екі жылда үш рет ұсталды

24tv.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2020 21:30 24tv.ua
Лепсі ауылының 43 жастағы тұрғыны екен.

Сарқан ауданына қарасты Лепсі ауылының 43 жастағы тұрғыны өзіне тиесілі мотоциклды масаң күйде басқарып жүргені анықталды. Тексеру барысында оның бұған дейін де жол жүру ережесін өрескел бұзып, мас күйде көлік тізгіндегені үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1977 жылы туған жергілікті тұрғынның 2019 жылдың ақпан айында масаң күйде көлік басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен 3 жылға айырылғаны анықталды. Соған қарамастан ол ақпан айының соңында мас күйде көлік басқарып, ұсталды. Сот шешімімен тағы үш жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылған болатын. Үшінші мәрте жасаған әрекеті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, іс материалдары сот қарауына жақын күндері жолданады", - деді Сарқан ауданы Полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Елтай Самбеталинов.

Жол ережесін бұзушы азамат сот шешімімен мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен болсатылды, ал оның көлігі жергілікті полиция бөлімшесінің ауласындағы арнайы тұраққа тоғытылды.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгертулер енгізіліп, масаң күйде көлік тізгіндегені үшін қолданылатын жаза қатаңдатылған болатын. Ішімдік ішіп, темір тұлпарын тізгіндеуді ұнататын ауыл тұрғыны заң талабына сәйкес көлік құралдарын басқару құқығынан айырылса да, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны үшін бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: