Жаңалықтар тізбегі
0

Жедел жәрдем бас көтерді: Ақшамыз қайда?

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2020 18:55 видеодан кадр
Қалтқысыз қызметтің қайтырымы ретінде оларға 425 мыңның орнына небәрі 60 мың теңге түсіпті.

"Біздің ақшамыз қайда?". Павлодарда вируспен күрестің алғы шебінде жүргендер бас көтерді. Жедел жәрдем қызметкерлері үш айдан бері заңды үстемақысын ала алмай келеді екен. Қалтқысыз қызметтің қайтырымы ретінде оларға 425 мыңның орнына небәрі 60 мың теңге түсіпті. Сонда қалған ақша қайда?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Қайда біздің ақшамыз? Сонда біз біреудің қалтасына жұмыс істеуіміз керек пе? Жетер енді".


Бізге жанайақайын айтқан павлодардық жедел-жәрдем станциясының жүргізушісі. Вируспен күресте алғы шепте жүрген маман қалтықсыз қызметінің қайтарымы ретінде үш айдан бері жалақыға бірде-бір артық тиын қосылмағанын айтады.

Серік Тәкіжанов, облыстық жедел жәрдем станциясының жүргізушісі:

"Бір-бірлеріне сілтеп, ешқайсы ештеңе қолданбайды, ештеңе төленбейді бізге. Бәрі жазулы тұр. Мысалы 212 мың плюс 80 мың біздің еңбек сондай 300 мың дейік. Біз қазір в данный момент 80 мыңнан артық аламыз кішкене. Әзер-әзер".

Осыдан бірер апта бұрын, дәл осы медициналық мекеме фельдшерінің коронавирус жұқтырғаны анықталыпты. Онымен байланыста болған әріптестерінің барлығы дереу стационарға жатқызылып, 14 күн бойы ем-дом қабылдаған екен. Ал кейін, өмірлерін қатерге тігіп, қызметтеріне қайта кіріскен. Алайда соның өзінде, биліктің уәде еткен үстемақысының иісі де сезілмеді, дейді дәрігерлер.

Светлана Соляр, облыстық жедел жәрдем станциясының дәрігері:

"Жеке өзімді айтар болсам, осы айда 425 мыңның орнына, өзімнің бұрын алып жүрген 60 мың теңге жалақымды ғана алдым. Қазір республика бойынша барлық медицина қызметкерлеріне үстемақы үлестіріліп жатыр. Ал біз не болдық сонда? Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болып, стационарда да жатып шықтық".


Айтбай Серікбаев, облыстық жедел жәрдем станциясының жүргізушісі:

"Енді бізді қорқытып жатыр, что вы на карандаше. На увольнение деп. Уже не можем. Сколько можем боятся деген секілді. Вроде президент сказал, занчит они не выполняют указ президента.? Главы государства".


Алайда, бас дәрігер жарлыққа сәйкес барлық қызметкерлерге үстемақы толықтай көлемде төленгенін айтады. Оны арнайы комиссия тағайындапты. Алайда, әу-баста үстеме қаражат бәріне бірдей болып бөлінеді делінгенімен, қазір талап өзгерген көрінеді.

Канадан Ахметжанов, облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері:

"Адамдар жарты сағаттай ғана жұмыс істеп, 200-400 мың үстемақы алғысы келеді. Олай болмайды. Үстеме қаражат енді істеген сағаттарына байланысты бөлінеді. Осы айда 632 қызметкерге 82 млн теңге көлемінде жалақыларын төледік. Әркімнің қанша рет вызовқа шыққанын арнайы комиссия есептеп, соған қарай ақшаларын тағайындаған".


Алайда, басқа аймақтағы әріптестерінің үстемақыны толық көлемде алғанына ашынған жұрт, басшылықтың бұл уәжіне сене қоймады. Сондықтан олар заңды ақшамызды қолымызға алмайынша, қайтпаймыз деп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: