Жаңалықтар тізбегі
0

Мақтааралда алаяқтар қайырымдылыққа деп елден ақша жинауда

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2020 17:53 видеодан кадр
Эвакуациялық пункттерге жайғасқандардың жағдайын жасап жүргендердің дені ерікті азаматтар.

Қайырымдылық көрсетемін деп алаяқтарға алданып қалмаңыз! Мақтаралдағы қиын-қыстау кезеңді кейбір пысықайлар қарақан басының қамы үшін пайдаланып жатқанға ұқсайды. Апатты аймақта ерен еңбек көрсетіп жүрген ерікті азаматтар осылай дейді. Олардың айтуынша, Мақтаралға тіптен, табаны тимеген адамдар да қаржы жинап жатыр екен. Ал, су алған 5 бірдей елді мекеннің 6 мыңнан астам тұрғыны алдағы 2 ай уақытын эвакуациялық пункттерде өткізетін болды.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мақтаралдағы суда қалған 5 елді мекен тұрғындары алдағы 60 күнін мектеп қабырғасында өткізеді. Олардың керек жарақтары Қазақстанның түкпір-түкпірінен жеткізіліп жатыр. Мұндағы қоймадан жаныңызға не қажет барлығын табуға болады. Эвакуациялық пункттерге жайғасқандардың қазіргі жағдайын өз ауыздарынан естиік.

Абдурасул Надиров, ауыл тұрғыны:

"Барлық нәрсе беріп жатыр. Ешқандай кемшілік жоқ. Мынау доқтырлар ауру қызымыз бар, сәл басымыз ауырса дәрімізді әкеп береді. Уколымызды салып береді."


Одина Курбанов, ауыл тұрғыны:

"Ешқандай шағымымыз жоқ. Ең бастысы үйімізді салып берсе болды. Ешқандай шағымымыз жоқ. Ертерек салып берсе, өз үйім төсегіме оралсам болды".


Бұл Фирдоуси ауылы тұрғындарының пікірі. Оларды алаңдатқаны әзірге тек баспана базынасы. Ал, қалған Үкімет тарапынан берілетін 100 мың теңгесі мен Усманов бөлген 1000 долларды алу үшін азаматтар қағаздарын реттеуде. Қуантарлығы осында қоныстанғандардың басым бөлігінің құжаттары түгел.

Азамат Мұратов, Келес ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:

"Құжаттары 95 пайыз түгел деп айтуға болады. Кем-кетігін меншікті "ЦОН" дейді ғой, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері дубликаттарын шығарып беруде" .


Эвакуациялық пункттерге жайғасқандардың жағдайын жасап жүргендердің дені ерікті азаматтар. Осында олардың 90-шақтысы ерен еңбек етіп жүр. Олар арнайы штаб құрып, өздері қор жасақтап үлгеріпті.

Еріктілер штабындағы қоймаға күніне 3-4 тонна азық-түлік жеткізіледі. Тиісінше, сонша көлемдегі тауар эвакуациялық пункттерге күніне таратылып береді. Қазірде, осы штабтағы қоймада, 2 жарым тонна ұн, бір жарым тонна күріш, 1 жарым тонна шекер, 3 тоннадай макароны бар, 5 тонна пісте май жинақталған.

Еріктілер орнымен жұмсаса азық түлік екі айға жетуі керек деп болжап отыр. Өйткені қиын-қыстау кезеңде үйіме эвакуацияланған адамдарды жатқызып едім деген желеумен тауар алып кетуге тырысатын алаяқтар да көбейіпті. Соңғы уақыттың өзінде-ақ ондайлардың 8-і анықталған екен. Сонымен қатар, Мақтаралдың керек болса қайда екенін білмейтін , табаны Мырзашөлге тимеген азаматтар да жеке есепшот ашып "Мақтаралға" - деп қаржы жинап жатқанын айтып қынжылды еріктілер.

Ахмед Таубаев, ерікті:

"Алаяқтар өте көбейіп жатыр, біз де көріп жатырмыз. Қостанайдан дейді, Павлодардан дейді. Бірақ ол адам бұл жерге келген жоқ. Ешқандай халыққа отчет беріп жатқан жоқ. Сол жақтардан мынау мемлекет тарыпынан қатты көрсе дейміз, қадағалап. Өйткені, бұндай жағдайда алаяқтар өте көбейеді".

Қоса кетейік, ауылын су алған Мақтаралдық 152 бала алдағы демалыстарын Сарыағаш емдік сауықтыру шипажайында өткізетін болды. Бүгін ғана аттанған жеткіншектер дәрігерлік есепте тұрғандар немесе көпбалалы отбасылардың балалары. Жалпылама Мақтаралдағы су сору жұмыстары қазір тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Енді аталған аумақтарда тазалық жұмыстары жүргізілмек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: