«Астанада пәтер сатамыз» деп, ақша аудартатын алаяқтар көбейген

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 16:44 otyrar.kz
Тексеру барысында осыған ұқсас алаяқтық екі жайт Маңғыстау облысының ІІД-де тіркелгені анықталды.

Қазіргі уақытта Астана қаласы Сарыарқа ауданы ІІБ-нің қызметкерлерімен Астана қаласында пәтер сатып алумен аса ірі мөлшерде ақшалай қаражаттарды иеленген адамдарға қатысты арыз келіп түскен, осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Оtyrar.kz Түркістан облысының Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Тексеру барысында анықталғаны жәбірленуші «OLX.kz.» интернет желісінде Астана қаласында пәтер сату туралы хабарламаны көріп, өзін Ресей Федерациясының азаматымын деп таныстырған, белгісіз адамға хабарласып, оның талабы бойынша оған ірі мөлшерде ақша аударып, аударған ақшаның чегін жіберген.

Сондай-ақ, тексеру барысында осыған ұқсас алаяқтық екі жайт Маңғыстау облысының ІІД-де тіркелгені анықталды. Осындай алаяқтық жағдайдың құрбаны болмас үшін интернет желісінде орналасқан хабарландырулар бойынша ақшаны аударуда сақ болуыңызды ескертеміз!

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: