Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да коронавирус балабақша мен оқу орталығынан анықталды

coronavirus2020, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2020 18:59 coronavirus2020
Осыған байланысты Оралдағы барлық балабақша жұмысын тоқтатты.

БҚО бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев аймақтағы коронавирусқа қатысты жағдай туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыста КВИ бойынша барлығы 414 жағдай тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 15 жағдайда кездеседі.

23 мамырда облыста 16 дерек жаңадан тіркелді, өсім - 4,3%, 24 мамырда 28 дерек тіркеліп, өсім 7,3% құраған.

65% жағдайда бұл сырттан әкелінген инфекция: Ресейден және Атырау облысынан, ондағы 162 жағдай да шетелден келген науқаспен тығыз байланыстағылар.

Жаңа жағдайлардың ішінде коронавирус екі балабақша жұмысшысынан, білім бөлімінің екі қызметкерінен анықталды. Оқу орталығының қызметкерінен де коронавирус анықталды. Осыған байланысты Оралда балабақшалардағы кезекші топтардың барлығы жұмысын кілт тоқтатты. БҚО мектепке дейінгі мекемелердің кезекші топтары 18 мамырдан бастап жұмысқа кіріскен болатын. Оралдан басқа облыстың басқа елді-мекендерінде балабақшаның кезекші топтары жұмысын жалғастыра береді.

Сондай-ақ, облыста 64 фельдшер, 5 полиция қызметкері, бір бақылау-өткізу бекеті, Сырым автокөлік өткелінде жұмыс істейтін Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері коронавируспен ауырғаны белгілі болды. Бұрын хабарланғандай, БҚО-да карантин 15 маусымға дейін ұзартылды.

Бұрын хабарланғандай, БҚО-да карантин 15 маусымға дейін ұзартылды. 25 мамырда басталуы керек карантиндік шараларды жеңілдетудің екінші кезеңі эпидемиялық ахуал жақсарғанға дейін кейінге қалдырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: