Жаңалықтар тізбегі
0

Вирустан емес, аштан өлейін деп отырмыз – ақтөбелік саудагерлер

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2020 20:07 видеодан кадр
Әйгілі әлем чемпионы, қала әкімі Асхат Шахаров өзін іздеп, өтініш айта келген тұрғындармен кездесуге шықпады.

"Галстук таққан ағалар, мүмкіндік беріңіздер!" Індеттен сақтанып, екі ай бойы үйіне қамалған жұрт шыдамдарының шегіне жеткенін айтып, көмек сұрайды. Күнкөрісі қиындаған тұрғындардың талабы қандай? Базардағылармен түсіндіру жұмысын жүргізуге келген санитар дәрігер неге бетпердесіз жүр? Әлде, вирус оған жұқпай ма?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Үйлерінде екі ай бойы жұмыссыз отырған саудагерлер бүгін базар ашылып, жұмысымызды жалғастырамыз деген үмітпен келген екен. Алайда, ешкім ішке кіре алмады. Қақпасында құлып тұр. Саудасы жүрмеген соң, нәпақадан айрылған жұрт енді қайттік деп шарқ ұрды. Осы күннің өзінде өлместің күнін кешіп жүр екен.

Балтабай Сарманов, саудагер:

"Қанша ақшаға алған заттарымыздың бәрі сезоны кетіп, қазір олар уже сезоны кетіп қалғаннан кейін модасы да кетіп қалды. Қанша ақша уже күйіп жатыр".

Гүлшат Тәжіғалиева,саудагер:

"Что с того, что базардағы біздің жүз шақты адамның орнын жауып қойғаннан, содан ауру қаламызда жоқ болып кете ме, жоғала ма? Жесткая мера қолданса, бәріне түгел қолдансын!".

Орталық базарда үш мыңға жуық адам нәпақа тауып жүр. Азық-түліктен бөлек, киім-кешек, тұрмыстық заттар сататындар да бар. Бәрі де жұмысы тоқтап, үйлерінде отыр. Тек базарға кіреберісте, көшет, гүл, бау-бақшаға керек-жарақты сататын маусымдық саудаға ғана рұқсат беріпті.

Шолпан Есенова, саудагер:

"Біздер енді скоро былай отыра берсек осылай, коронавирустан емес, аштан өлеміз!".

Диляфруз Мамеджанова, саудагер:

"Өтініш, галстук таққан ағалар, біздің базарымызды ашуға шамалы мүмкіндік берсеңіздер!".

Галстук таққан ағаларына базынасын айтқандар көп. Бәрінің талабы біреу:

Олар тез арада осы орталық базардың жұмысын жандандырсын деп отыр. Қазір, мінекей, олар хат әзірлеп жатыр. Оны қала, облыс әкімдігіне және санитар мамандарға жолдамақшы.

Бастапқыда санитар мамандар базарды 18-мамырда ашуды жоспарлағандарын айтты. Бірақ, сыртқаттар санының өсіп кеткенін ескеріп, кейінге қалдырған. Алайда, аймақтағы бүгінгі ахуалды ескеріп, саудагерлерге қашан рұқсат беретіндерін айта алмай отыр.

Аманжол Өтеғалиев, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

"Осы жетіде 25%-ке көтеріліп кетті. Республиканың бас дәрігерінің қаулысы бойынша 7%-тен ауру көбейетін болса, мұндай көп адам шоғырланатын жерлерді ашуға рұқсат берілмейді."

Саудагерлер өзге ірі супермаркеттер мен сауда үйлері еш кедергісіз жұмыс істеп жатқаны шамдарына тиетінін айтады. Әкім-қараларға алаламай, бәріне бірдей талап қойсын деп дүрсе қоя береді. Әйтпесе, ол жерде де маскасыз жүрген адам қаншама деп отыр. Ал ашынған халықпен кездесуге келген қаланың бас санитары тілшілердің "маскасыз жүргеніңіз қалай?" деген сұрағына сасқалақтап, қалтасынан жалма-жан бет-пердесін іздеді.

Шенділердің жауабына қанағаттанбаған бір топ адам қала әкімдігіне қарай беттеді. Сауалымызға әкімнің өзі жауап берсін деп тұрып алды.

"Шықсын, өзі шықсын қаланың әкімі!".

Алайда, әйгілі әлем чемпионы, қала әкімі Асхат Шахаров өзін іздеп, өтініш айта келген тұрғындармен кездесуге шықпады. Санитар мамандар базар сатушыларының қауіпсіздік талаптарын ескеріп, ең болмаса кезек-кезекпен жұмысқа шықсақ деген талаптарын басшыларына жеткізгендерін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: