Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе қаласының әкімі Ақшат елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Ақтөбе қаласы, Аршат елдімекені, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2022 11:36 Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімі Асхат Шахаров пен Алматы ауданының әкімі Медет Ысқақов Ақшат елді мекенінің тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді.

Алдымен Алматы ауданының әкімі өткен жолғы кездесуде Ақшат тұрғындары көтеріп, хаттамаға жазылған 11 сұрақ бойынша жасалған жұмыстарды баяндап берді.

Тұрғындар өткен кездесуде Ақшат алабында мал жайылымына арналған жер учаскелерінің аздығын айтқан болатын. Жалпы Ақшат тұрғын алабының жер көлемі 428,9005 га, оның ішінде жайылым жер – 423,5882 га. Қазіргі таңда тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру бойынша құжаттар рәсімделуде.

“Тұрғындар атауы жоқ көшелерге көше атауын беруді сұраған болатын. Қазір Ақшаттың 3 атаусыз көшесіне Латиф Хамиди, Қасым Аманжолов, Естай ақын атаулары берілді. Аншлагтары ілінді. Бұдан бөлек, тұрғындар қатты тұрмыстық қалдықтарды ауылдан уақытылы шығару мәселесін көтерді. "Таза Қарғалы" мекемесіне ескерту берілді. Алматы ауданының әкімдігі бақылауға алды”, – деді Медет Ысқақов.

Сол сияқты, көктемгі су тасқынының алдын алу үшін №67 мектеп алдындағы көшеге мердігер мекеме "Батыс Ақтөбе" ЖШС су өтетін құбыр салды.

Тұрғындар кездесу барысында көшелерге қиыршық тас төсеуді сұрады. Биыл Қ.Аманжолов көшесіне қиыршық тас төселген болатын, бұл жұмыс жалғасады және келесі жылы жоба бойынша жолдарды асфалттау да жоспарға енгізілген.

Ақтөбе қаласының әкімі, Аршат елдімекені, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2022 11:36

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қоғамдық көлік мәселесі де назардан тыс қалмады. Келесі аптадан бастап тағы бір автобус Ақшатқа қатынайтын болады. Қала әкімі тасымалдаушы компания - “Табыс” ЖШС басшылығына осындай тапсырма берді.

Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындарды “Халық қатысатын бюджет” бағдарламасына қатысуға шақырды. Осы бағдарлама арқылы тротуап төсеу, ойын алаңдарын орнату, көше жарықтандыру, абаттандыру мәселелерін шешуге болады. Ол үшін тұрғындар жобаларды өздері ұсынулары керек.

Кездесу соңында қала әкімі Асхат Шахаров және барлық бөлім басшылары жеке сұрақтары бар тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді. 20-дан астам адам қабылдауға жазылып, толғандырған мәселерін айтты. Оларды шешу жолдары заң аясында түсіндірілді.

Бұдан соң қала әкімі Ақшаттың белсенді тұрғындарымен бірге елді мекенді аралап, мәселелерін барып көрді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: