Ақтөбе қаласының әкімі Өрлеу тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті

Әкім халықпен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2022 09:30 Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Кездесу барысында Алматы ауданының әкімі Медет Ысқақов алдыңғы кездесулерде көтерілген халықтың мәселелерін шешу жолдары және ағымдағы кезеңде Алматы ауданы бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Өрлеу тұрғын алабында 150 орындық Мәдениет үйі салынады. Оның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылы басталады.

Сонымен қатар, “Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша амбулатория орналасқан көшеде тротуар салынды. Ойын алаңы орнатылды. Тұлпар көшесін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық көлікті жаңарту жоспарлануда.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы, елді мекені тұрғындарымен өткен кездесу барысында Алматы ауданы әкіміне түскен 7 мәселе өз шешімін тапты. Елді мекеннің автожолдарын жөндеу бойынша жоба әзірленуде.

Кездесу азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізумен аяқталды. Өз проблемаларын қала әкіміне және қалалық бөлімдер басшыларына Өрлеудің 10-нан астам тұрғыны айтып келді.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: