Алматыға келген ҚР ІІМ басшысы ауруханаға бірден тартты

27 Мамыр 2020, 18:06
Сурет: polisia.kz

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы жағдайды тікелей өз бақылауына алды. Бүгін ол іссапармен Алматыға ұшып барды, деп хабарлайды zakon.kz.

Министр №7 Қалалық клиникалық ауруханада жатқан зардап шегуші полиция қызметкері, аға лейтенант Ерболат Сейдәзімге барып, жағдайын білді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын хабарланғандай, БМВ көлігі бұза-жара блок-бекетке қойып кеткен. Салдарынан екі полиция қызметкері қаза тауып, тағы бірі көптеген дене жарақатын, бас-мидың жабық жарақаты, бас миының ауыр жарақатын алды.

Зардап шеккен полиция қызметкеріне екі операция жасалды: резекциялық краниотомия және жедел интракраниальды гематоманы алып тастау бойынша. Дәрігерлердің өзара кеңесіне министр де қатысты. Мамандардың айтуынша, науқастың жағдайы ауыр, бірақ оның өміріне үлкен қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлермен сөйлескеннен кейін Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкерінің тезірек сауығып кететіндігіне үміт білдірді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?