ҚР ІІМ аппаратының басшысы жаңадан тағайындалды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 20:42 Сурет: gov.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы лауазымына полиция генерал-майоры Бекеев Оңал Ботайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция генерал-майоры Бекеев Оңал Ботайұлы 1975 жылы 21 қантарда Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

  • 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін,

  • 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін,

  • 2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

  • Бекиев ішкі істер органдарындағы қызметін 1998 жылы ҚР ІІМ қарасты  МКҚД үкіметтік мекемелерді және дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі милиция Полкінің инспекторы лауазымынан бастаған.

  • 1999 – 2015 жылдар аралығында ішкі істер органдарында әртүрлі орта және аға басшылық құрам лауазымдарында қызмет атқарған.

  • 2015 жылғы желтоқсан – Астана қаласы Мамандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы.

  • 2018 жылғы маусым – Алматы облысының ІІД бастығының орынбасары.

  • 2018 жылғы тамыз – ҚР ІІМ Кадр жұмысы (саясаты) департаменті бастығының орынбасары.

  • 2019 жылғы ақпан – Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары.

  • 2019 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Көліктегі полиция департаментінің бастығы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: