20-ға толмаған жігіттер белсіздікке ұшырап жатыр

Pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2020 15:40 Pixabay.com
Жігіттердің көбі ауруын айтудан ұялады екен.

Елімізде жиырмаға толмаған жігіттер де белсіздікке ұшырап жатыр. Импотенцияға шалдыққан ерлердің көбейіп жатқанын айтқан дәрігерлер, дабыл қағуда. Мамандардың сөзінше, белдегі әлсіздікке әсер ететін факторлар өте көп. Соның ішінде, жастардың спортқа уақыт бөлмей, ішімдік пен шылымға әуестігі алдыңғы орында тұр екен.

Ал еркектің қуатын арттыру үшін көлік креслосына ер-тоқым орнатып жүргендер кім? Ес білгеннен бері ат құлағында ойнап, көкпар тартқан жігіттер бұл турасында не айтты? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Мынандай ертоқым бар. Машинаны айдаған кезде отыратын. Бұл ертоқымның үстінде отырған кезде аттың үстінде отырғандай әсер аласыз жайдақ аттың. Простатит, бел омыртқаға жақсы екен. Іші киіз, сырты қайыс. Мынандай болады түрі".

Иә, жарнамасы жер жарып тұр. Кез келген бойын ауру меңдеген ер азамат назар аударарлықтай. Әсіресе, еркектің қабілет-қарымын арттыруға жақсы деп тұрғандықтан, бәлкім сатып алуы да мүмкін. Өйткені, елімізде төсекте қабілетсіз жігіттер көбейген. Десе де, бұл заманауи ертоқым қаншалықты пайдалы, ат жалын тартып мінерлік азаматтарымыз азайып бара жатқанда олардың санын одан сайын сейілтіп жібермей ме? Бұған қатысты, Ержан Жаубай бүй дейді:

Ержан Жаубай, "Argymak.kz" порталының бас редакторы:

"Құр ерге мінуге болмайды. Қазақ болмайды десе яғни болмайды. Ең бірінші құр ерге мінудің философиялық астары ол адамды кедейшілікке шақыру. Бұл дұрыс емес. Неге дұрыс емес ұзақ уақыт астыңызға бірдеңе қойып отырған кезде мына беліңізде грыжа пайда болады. Жалпы айтпағым құр ерге міну қазақтың салт дәстүрінде мүлдем жоқ".

Иә, ерлер атқа көп отырмағандықтан және де спортпен шұғылданбағандықтан ауруға шалдығуда. Осыны айтып дәрігерлер дабыл қағып жүр. Статистика да жаға ұстатарлық. Себебі, тепсе темір үзетін 22 24 жастағы жігіттердің 30-40 пайызы импотент, яғни, қуаты кеміп, төсекте енжар екен. Тиісінше, демографияға да үлес қосуға қауқарсыз.

Максет Рысбаев, уролог:

"Примерно 30-40 процент пациенттер сондай жалоба айтады. Қазір олар жасарып бара жатыр. Мұны экология деп айтуға болмайды. Мысалы менде ең жас болған бала бұдан бір бес жыл алдын болған 19 жасар бала болған, бүгін бір пациент 22 жаста. Уже жасарып бара жатыр да уже 22-24 импотенция белгілері бар".

Уролог-андрологтың айтуынша жігіттердің көбі ауруын айтудан ұялады екен. "Мәселен, маманға баруды қор санап, сол себепті де анасы немесе жұбайы жетектеп келеді. Бұл үлкен трагедия. Сондықтан, баланы жастайынан жыныстық тәрбиеге үйреткен абзал", дейді.

Максет Рысбаев, уролог:

"Егер жастар ер кісілер жыныстық жетілген кісілер 20 жастан 50 жас деп айтатын болсақ нағыз репрадуктивный органдары істеп тұрған кезде олар аттың үстіне мініп спортпен қатысатын болса оның денесіндегі барлық гормондар жақсы жұмыс істейді. Сол үшін спорт атқа міну, ол өте пайдалы".

Көкпар десе делебесі қозып тұратын Қыдырхан Ахметбековтың салым салып жүргеніне 17 жыл болыпты. Жылқыға мінбегеннен жылқы мінезді ер азаматтарымыз да азайып бара жатыр. Өйткені атқа міну ер азаматқа мінез қалыптастырады, дейді.

Қыдырхан Ахметбеков, көкпаршы:

"Көкпарды 13 жасымыздан шаптық. Көкпар енді апта сайын болады біздің астанада. Ат бұл енді денсаулыққа өте пайдалы енді. Адам баласына. Бұл бүкіл дене мүшеге, омыртқаға қалай жақсы жұмыс істеу керек бел. Оның ішінде ер азаматтарға өте пайдалы. Мұны жайдақ міну керек мүмкіндік болса ер тоқымды алып тастап. Аттың өз денесінің ыстығы бар. Сол жаңағы суықты сорады. Семьялық тәрбиеге өте пайда. Көп адам оған көңіл бөле бермейді. Ер азамат болғаннан кейін кішкентайынан мінеді. Аттың тізгінін ұстап жігітпін деп сезінеді".

Салауатты өмір салтын өмірлік ұстанымына айналдырған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Салтанат аға 75 жасқа келсе де марафонға қатысудан жалыққан емес. Спортпен шұғылданып жүргеніне де алпыс жыл уақыт болыпты. Қазіргі жастардың салауатты өмір салтын ұстанбайтынына қапалы.

Салтанат Түйтебаев, жеңіл атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, марафоншы, ардагер:

"Мен күнде жүгіремін. 25 шақырымнан. Аптасына бес рет. Таңғы сағат бестен бастаймын, ауа райы жақсы болса екі сағат он минутта, екі сағат он бес минутта жүгіріп үлгеремін. Қай жағынан алмасаң да денсаулыққа спорттың көп көмегі бар. Мен қазір жүгіріп жүрген паркімде көп жас жігіттер қыздар жүгіріп жүреді. Енді білмеймін қалай екенін. Жарты айдан ешқайсысы қалмайды".

Қазіргі таңда көптеген адамдар атқа мінбек түгілі, оны қалай ерттеу керек екенін де білмейді. Жылқыға мінудің адам денсаулығына пайдасы зор. Әсіресе ер азаматтардың денсаулығына пайдалы. Одан өзге олардың бойына сенімділік беріп, күш-қуатын арттыра түседі екен.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: