Жаңалықтар тізбегі
0

Тик-токқа шығып кеткен ауыл әкімі тәртіптік жазаға тартылды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2020 16:09 видеодан алынды
Видео Мәдениет қызметкерлері күніне орай түсірілгені белгілі болды. Онда Жәйрем ауылының әкімі Аманқазы Наукенов бидің түбін түсіреді.

Ауыл әкімі қол астындағы қызметкерлерімен билегені үшін жазаланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тик-Токқа әкімнің ұжымымен жасаған флеш-мобының видеосы жарияланып, ол өзге әлеуметтік желілерге тараған. Видео Мәдениет қызметкерлері күніне орай түсірілгені белгілі болды. Онда Жәйрем ауылының әкімі Аманқазы Наукенов бидің түбін түсіреді.

2020 жылы 21 мамырда Жәйрем ауылының мәдени-демалыс орталығының ғимаратында ауыл әкімі Наукенов Аманқазы Баранбайұлы, "Жәйремский гок" АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Кәрібаев Мүбәрак Рахманқұлұлы, ауылдың мәдени-демалыс орталығының директоры Иманбекова Ақмарал Елібайқызы, сонымен қатар осы ұйымның бірнеше қызметкерлері Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнін мерекелеу аясында флеш-моб өткізді. Бұл іс-шара бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған кезде өткізілгендіктен ауыл әкіміне қатысты тәртіптік шара қолданылды, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Қаражал қаласының әкімдігі.

26 мамырдағы қызметтік тергеу нәтижелері бойынша, Тәртіптік комиссияның ұсынысымен Қаражал қаласы әкімінің өкімімен, Жәйрем ауылы әкімі Наукеноваға өз лауазымына сай емес әрекеті үшін ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Қазіргі уақытта қалалық полиция бөлімі және Қаражал қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің аясында аталған адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылдауда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: