Жаңалықтар тізбегі
0

Демократияға осы жүйені құлатпай жетеміз – Сайыров

Facebook/Erlan Sairov, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2020 22:29 Facebook/Erlan Sairov
Nur Otan партиясының тырысып қалған бойына қан жүгірту керек.

Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Сайыровтың "беделі төмендеп кеткен" Nur Otan партиясына жаны ашиды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кезінде қылмыс жасады деген күдікпен істі болып, жақында ғана ақталды деген қағаз алып алғанын жариялаған бұл кісі енді биліктегі партияның бойына қан жүргірту қажеттігін айтты.

Nur Otan-ның адамдарына көмектесу үшін Сайыров енді "Nur Otan-ды жақтаушылар лигасы" деген жаңа қозғалыс құрып жіберді.

Сайыровтың жоспары соншалық күрделі емес: ол күрделі үрдістердің шешімін Nur Otan партиясы сияқты нақты саяси күштің маңайына топтасып шешуіміз керек дейді.

Саяси ғылымдар кандидаты Ерлан Сайыров елде әлеуметтік әділдік жоқ, деп дабыл қағады. Ол енді Nur Otan партиясының алдына рухани құндылықтар мәселелерін қойып, соның шешімін талап етпек. Сайыровтың сөзінше, "осы жүйені құлатпай, мемлекеттілікті сақтай отырып, демократия жаққа қарай "жүйелі" жылжып кетуіміз керек".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: