Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысында педагогтар мен дәрігерлер Нығматулинмен кездесті

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2020 21:43 Ж.Құспанов
Ол "Nur Otan" партиясының бағдарламасын таныстырды.

Нұрлан Нығматулин "Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт науқаны аясында Қарағанды облысындағы медицина және білім беру салаларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық кардиохирургия орталығында, сондай-ақ Қарағанды қаласының №103 мектеп-лицейіндегі кездесулерде партияның сайлауалды бағдарламасының әлеуметтік бағыттарына баса назар аударылды.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Елбасы, Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған және бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев одан әрі жалғастырып келе жатқан әлеуметтік жаңғырту аясында "Nur Otan" партиясы қазақстандықтардың сапалы білім мен медициналық қызметтер алуы үшін мүмкіндіктер жасауды басты міндеттердің бірі деп санайды.

Барлық заманауи талаптарға облыстық кардиохирургиялық орталық жауап береді. Оның операциялық-реанимациялық блогы инновациялық құралдармен, онда қызмет ететін мамандардың барлығы жоғары білікті, бұл жерде жүрекке күрделі операциялар жасалады.

Осындай жаңа медициналық орталықтар әр өңірде болуы үшін партия аудандық ауруханаларды қажетті медициналық жабдықтармен жабдықтау, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту, зертханаларды жаңарту бойынша шаралар қабылдайды.

Білім беруді дамыту үшін "Nur Otan" 800 жаңа мектеп салу есебінен сапасыз оқулықтар, апатты және үш ауысымды мектептер проблемаларын шешуге, барлық ауыл мектептерін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтуды қамтамасыз етуге ниетті.

Нұрлан Нығматулин 2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге, ал дәрігерлердің жалақысын 2023 жылға қарай 2,5 есе артатынын айтты.

Мұғалімдердің айтуынша, "Педагог мәртебесі туралы" заңның ұстаздар үшін маңызы өте зор, аталған заң олардың құқықтарын реттеп, білім беру сапасына, мұғалімнің мәртебесін күшейтуге ықпал етеді.

- "Nur Otan" партиясының сайлау бағдарламасы, ол – нақты жоспары бар және тиісті қаржымен қамтамасыз етілген бағдарлама. Соның ішінде баспана, өндірісті дамыту, әлеуметтік сала, шағын, орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл әрбір қазақстандық үшін өте маңызды мәселе. Осы сұрақтар туралы бүгін кеншілермен, дәрігерлермен және мұғалімдермен кездесуде ашық әңгіме болды. "Nur Otan" партиясының сайлау бағдарламасының дәл осы бағыттарына Қарағанды облысының тұрғындары қолдау көрсетті, - деді Нұрлан Нығматулин.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2020 21:43

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2020 21:43

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2020 21:43

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: