Жаңалықтар тізбегі
0

Ата-ана: Военкоматта балаларды қорқытып, қинайды екен

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2020 18:37 видеодан кадр
Сіркіреген жауынға қарамастан, қаладағы қорғаныс істері жөніндегі басқарма алдына ата-аналар көптеп жиылды.

Балаларымызды әскерге күштеп алып кетті! Бармаймын дегендерін ұрып-соғып, военкоматта қорқытып, қинайды екен. Өскемендік бір топ ата-ана қорғаныс басқармасының алдына жиналып, ары-бері өткенді аңдып тұр. Айтуларынша, сардарлар сарбаз санын толтыру үшін, жарамды-жарамсыздың бәрін қамап қойып, қол-аяғын байлап әкетіп жатыр екен.

Кәмелетке толған Отан қорғаушылар қатарында белгілі себептермен борышын өтеу мерзімі кейінге қалдырылғандар да бар көрінеді. Шынымен солай ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сіркіреген жауынға қарамастан, қаладағы қорғаныс істері жөніндегі басқарма алдына ата-аналар көптеп жиылды. Бірнеше күннен бері, мекеменің табалдырығын тоздырған жұрт мән-жайды түсіндірмеген әскерилерге наразы. Мәселен, Асқар Рүстемов Өскеменге Глубокое ауданынан келген. Өз перзентін ол бір тәуліктен бері көрмеген. 18 жастағы студент ұлы, басқармаға борышын өтеуді кейінге қалдыратын анықтама алуға барып, қарулы күштер қатарынан бір ақ шыққан.

Асқар Рүстемов, Глубокое ауданының тұрғыны:

"Военкоматқа кеткен. Сол военкоматқа кеткеннен хабар жоқ. Сол түнде іздесек, военкомат қамап тастапты. Ұлымыз оқиды. Справка міне, оқып жүрген жерінен алдық. Мұнда экзамені бар, әлі біткен жоқ. Бізге мұғалімі айтты, егер тыңдамаса прокуратура жалоба жазыңдар деді. Оған біз үлгермей жатырмыз. Уақыт деген міне. Бүгін алып кетеміз деп жатыр".


Әскердегі ахуал жөнінде түрлі алып-қашпа әңгімелердің кесірінен ата-аналар жандарын шүберекке түйіп отыр. "Ұрып соғады екен, әлімжеттік көрсетеді екен" дегенді естіген тұрғындар қорғаныс істері жөніндегі басқарманың аяқ асты әскери жиын өткізу шешімін түсінбей әуреге түсті.

Таисия Ибрагимова, қала тұрғыны:

"Бір баланың анасы жаңа ғана айтып қалды. Басқарма ішінде біз білмейтін былықтар көп екен. Баламызды ұрып-соғып, қорқытып, әскерге барасың деп айтатын көрінеді. Мұндай жағдай алдағы уақытта қайталанбаса екен дейміз!".


Ал, қорғаныс министрлігінің өкілдері түсініспеушілік болған бұл оқиғаға әскерилер емес, жергілікті атқарушы органдар жауап беруі тиіс деп қысқа қайырды. Себебі, көктемгі қарулы күштер қатарына шақыру науқанын жазға қалдырылыпты.

Мұрат Берікболов, ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру департаменті басшысының орынбасары:

Биыл мектеп немесе колледж бітірген кәмелет жасына толған кез-келген бала заң талаптарына сәйкес әскер қатарына шақырылады. Сондықтан, қазір жаппай осындай процесс жүріп жатыр. Ал, бұған дейінгі берілген оқуды жалғастыру бойынша анықтамалардың мерзімі 30 маусымда аяқталады. Барлық білім беру мекемелері ұсынатын құжаттардың да уақыты сол кезде бітеді.


Карантин кезінде 40-қа жуық ата-ананың жиналуына себеп болған бұл мәселеге қатысты жергілікті атқарушы органдарға да сұрау салып көрдік. Бірақ, мемлекеттік мекеме тарапынан ресми мәлімет болған жоқ. Әскерге шақырылған бозбалалар Қорғаныс басқармасынан ата-аналарымен қоштасуға вирусқа байланысты шығарылмаған. Жауаптылардың бар айтқан уәжі осы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: