Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда ата-ана міндетін дұрыс орындамаған ата-анаға айыппұл салынды

Кәмелетке толмаған қыз, Павлодар, ұрып-соғу, ата-ана міндеті, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2024 22:51 Сурет: freepik
Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және өз міндеттерін орындамау фактісі бойынша әйел адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотқа ұсынылған материалдарға сәйкес, К. 2024 жылы 27 шілдеде кәмелетке толмаған қызының басынан ұрған. Жазбаша түсініктемелерінде ол өзара жанжал болғанын растап, өзінің ақшасы аз екенін, әжесімен дөрекі қарым-қатынаста болғаны, теріс қылығы үшін қызының басынан ұрғанын айтқан.

Жалпы, К-ның асырауында 2017 жылы туған кәмелетке толмаған қызы бар, оны тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамай, оған қол сұғушылық танытады. Ол құқық бұзушылықты жасаудағы кінәсін толық мойындап, айыппұлды азайтуды сұрады.

"Сот іс материалдарын жан-жақты зерттей келе, К.-ны ӘҚБтК-нің 127-бабы, 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік айыппұл түрінде 25 844 теңге көлемінде әкімшілік жаза тағайындады", делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: