Атырау облысында коронавирустан тағы бес адам қайтыс болды

23 Маусым 2020, 14:45
Сурет: Facebook/ОДА

Атырау облысында коронавирустан қайтыс болғандар саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы марқұм науқастардың барлығы әйел адамдар екенін хабарлайды: 1978, 1976, 1960, 1943 және 1963 жылы туылған.

18 маусымда 42 жастағы Атырау қаласының тұрғыны №2 облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түсті, оған екі жақты полисегменталды пневмония диагонзы қойылды, одан COVID-19-ға тест алынды. Науқас бұрын үш рет химиятерапия курсынан өткен, тік ішектің қатерлі ісігі диагнозымен медициналық мекемеге жеткізілді. 19 маусымда науқастың жағдайы күрт нашарлап, кешкі сағат 22.30-да клиникалық өлім диагнозы қойылды. Кісі өлімі фактісі тіркелгеннен кейін қойылған диагноз - коронавирус инфекциясы, септикалық шок, ағзаның көптеген мүшесінің жұмысының бұзылуы.

Жылыой ауданының 44 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны 12 маусымда №2 облыстық аурухананың жұқпалы аурулар стационарына екі жақты полисегменталды пневмония диагнозымен түсті, 3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі байқалды. Қабылдау кезіндегі жағдай өте ауыр: тыныс алу жеткіліксіздігі және интоксикация, жүрек-қан тамырлары жұмысының бұзылуына байланысты денсаулығы тұрақсыз деп бағаланды. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. 14 маусымда коронавирус инфекциясы диагнозы нақтыланды. Пневмония септицемия және токсикалық нефрит, семіздіктің асқынуы өрши түсті. 22 маусымда сағат 21.30-да науқастың жағдайы күрт нашарлап, клиникалық өлім диагнозы қойылды.

Атырау қаласының 60 жастағы тұрғыны 21 маусымда екі жақты пневмониямен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Қабылдау кезінде инфаркттан кейінгі күйде болды. Оның созылмалы аурулары бар: 3-ші дәрежелі артериалды гипертензия және 2 типті қант диабеті. Қабылдау кезінде науқастың жағдайы тым ауыр еді, тыныс алу жеткіліксіздігіне, жүрек-тамыр жүйесінің фондық ауруларына байланысты денсаулығының жағдайы өте ауыр деп бағаланды. 22 маусымда науқастың жағдайы күрт нашарлады, сағат 6.10-да клиникалық өлім диагнозы қойылды. Өлімнің себебі - жүрек-қантамыр, тыныс алу жеткіліксіздігі, дененің интоксикациясы, екі жақты полиэсементалды пневмония, 3-ші дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі. Қайтадан қойылған диагноз - коронавирус инфекциясы.

Атырау қаласының 77 жастағы тұрғыны 18 маусымда жұқпалы аурулар стационарына екі жақты полисегменталды пневмония диагнозымен түсті. Зейнеткердің басқа да аурулары болды: жүректің ишемиялық ауруы және артериялық гипертензия. Пневмония ағзаның интоксикоцияға ұшыратып, 3-ші дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі түрінде асқынды. Қабылдау кезінде науқастың жағдайы тым ауыр болды: тыныс алу жеткіліксіздігі, жүрек-тамыр жүйесінің фондық ауруларына байланысты денсаулығының жағдайы өте ауыр деп бағаланды. 22 маусымда зейнеткердің жағдайы күрт нашарлап, сағат 10.30-да клиникалық өлім диагнозы қойылды. Өлімнің себебі: жүрек ауруы, COVID-19 диагнозы да нақтыланды.

Жылыой ауданының 57 жастағы тұрғыны 22 маусымда жедел жәрдем көлігімен орталық аудандық аурухананың стационарына жеткізілді. Алдында ол ЖРВИ белгілері бойынша аудандық емханаға қаралған. Ол бұрын ауырған науқаспен байланысты тұлға ретінде қарастырылды. КТ зерттеуінде өкпенің 50% зақымдануы түрінде екі жақты полисегменталды пневмония анықталды. Қосымша басқа аурулары да болған: глаукома, 3-ші топтағы мүгедектік бар. Жергілікті емдеу орнында ол инфекциялық бөлімге ауыстырылды, №2 облыстық аурухананың реаниматолог дәрігерінің ұсынысы бойынша ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. 23 маусымда науқастың жағдайы күрт нашарлап, клиникалық өлім тіркелді. Қайтыс болғаннан кейінгі марқұмға қойылған диагноз: коронавирус инфекциясы және тыныс алу жеткіліксіздігі.

Бүгінгі таңда Атырау облысында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 14-ке жетті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?