Қазақстанда коронавирустан тағы 3 адам қайтыс болды

vsim.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2020 14:43 vsim.ua
Коронавирустан барлығы 56 адам көз жұмды.

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Павлодар облысында - 1957 жылы туған науқас,

Атырау облысында - 1948 жылы туған науқас,

Қарағанды облысында - 1963 жылы туған науқас.

Коронавируспен ауырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себептерін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.

Осымен Қазақстанда COVID-19 індетінен барлығы 56 адам қайтыс болды деп саналады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: