Жаңалықтар тізбегі
0

Бізді Байден құтқармаса, Путиннің орнына Сукин келсе де ештеңе өзгермейді

gazeta.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2020 22:04 gazeta.ru
Байденнің: "Егер сайлана қалсам, ісім Ресеймен болсын", деген уәдесі бар.

Ресейде конституцияға енгізілген өзгерістерге дауыс беру басталды. Әдеттегідей Қиыр Шығыс бастады, деп жазады желіде сарапшы Қуаныш Еділхантегі.

Негізі дауыс бермей-ақ қойса да болғандай, себебі оған енгізілген өзгерістердің барлығы да бұған дейін мем. думада, фед.кеңесінде талқыланып, заң түрінде дауыс беріліп, президенті қол қойып қойған. Енді дауыс беруге қатысқан ресейліктердің жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, өзгерістер күшіне енеді. Оған сөз жоқ, себебі АҚШ сайлауына араласып жүргенде өздеріндегі сайлау не болыпты, тәйірі, бюллетень ұрласа да бірдеңе жасар.

Сонымен, Путин жас жігіт (біздің ЕБ-мен салыстырғанда), енді оның 2024, 2030 жылдары қайта сайланып, 2036 жылға шейін РФ-ны басқаруға мүмкіндігі бар. Ал сөйлеп жүрген сөздері әлгі, оны өздеріңіз көрдіңіздер. Бірнеше орыс саясаткерлері өз сөздерінде Путиннің айтқандары көбіне Қазақстанға қарсы бағытталғанын айтып жатыр, оны көбіне Украинаға қарсы айтылған деп өз-өзімізді алдарқатудың керегі жоқ сияқты. Тек оны кідіртіп жүрген Назарбаевпен арадағы қалыптасып қалған байланыс, ал Тоқаевпен арада ондай байланыс жоқ дейді әлгі сарапшылар. Мүмкін ол да рас шығар, кім біліпті?

Егер ол бізді уысынан шығармай бұрынғыша сауда эмбаргосын жасай берсе, немесе тауарларымызды транзитпен өткізбесе, немесе тарифтермен одан әрі тұншықтыра берсе, немесе ортақ валютаға өтуге зорлап мәжбүрлесе, т.с.с. біздің тәуелсіздігімізден не қалады?

Мұндай жағдайда бізді құтқаратын - не Мәскеудегі төңкеріс, не РФ-ның ыдырауы. Төңкеріске де сенім аз, өйткені Путиннің орнына, айталық, Сукин келсе де ештеңе өзгермейді-ау - Ресей шовинистік пиғылынан бір сәтте айнып кете қоймас. Яғни, бізге екінші вариантқа үміт арту ғана қалады. Ал ол вариант тек Байден келгенде ғана жүзеге асуы мүмкін. Трамп қайта сайланса ештеңе де өзгермейді, ол анық. Ал Байденнің: "Егер сайлана қалсам, ісім Ресеймен болсын", деген уәдесі бар.

Бұл жерде де мен почти аксиома деуге тұрарлық темірдей логикаға сүйеніп отырмын, қате дегендер дәлелдесін, - дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: